Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  68


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Соңы емес

Көздің жасы бүркейді,
Көңіл мұңын
Өмір жасын ішпейді Сезім бірақ.
Жылытқанмен сәні ұшқан өңіңді Күн
Босағадан аттамай безінді бақ.
Ойлағандай болмайды,
Ғұмырда бұл,
Жолдар әркез күткендей тоғыспас, ұқ.
Сыртымызда сұрықсыз,
Сыбыр-дабыр
Барады әне, Сезім-мұң қол ұстасып...
Тұрмыз, тілсіз жұтынып, ауаны әрең,
Жүрек дерті, аузы жоқ асқынады.
Көз алдыңда шегінен ауады әлем
Аспан жерге құлады...
Рас құлады...
Есті жию,
Етікпен от кешу де
Есті жию, тағдырға шағым-арыз.
Кешкен бақыт ендігі жоқ десуге
Тілім бармас...
Келмедік соңына біз...
Соңы емес бұл,
Сезімнің соры емес біл,
Тұрмыз бірақ, неге енді ізсіз қалып?
...Ақысын да, тықыртқан төлемес мұң
...Өмір-кеші батады бізсіз де анық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу