Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  125


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жадымда жылдар жаңғырықты.

Жадымда жылдар жаңғырықты.
Жан жаһанды бекер қаңғырыпты.
Жол іздеткен мекер мəңгілікті
Сол таңдарды шекер таңға ұрыпты.
Жадымда жылдар елесі анық.
Ми жүзеді соған кеме салып.
/Сый көреді желдеп жəне шабыт:
Ши сыңсиды тізгін бере салып/.
Жадымда жылдар өзені ағар
Ой баспаққа шөлін көзені алар.
Той боларын сезім сезе қонар,
Бой босайтын кезім боза болар.
Жадымда жылдар теңізі бар.
Мұң, тойдырып қозың емізіп ал.
Құм, толтырып көзін негізін ал,
Түн, өлтіріп өзін жегізіп ал:
Мына дүние жалғанға,
Орындалмас арманға,
Бір күн тірі жүргенге,
Қайғы-мұңсыз күлгенге
Мына опасыз өмірге –
Жан қоймайтын жемірге.
Одан дүние кемір ме,
Тар арнасы кеңір ме?!
Жадымда жылдар жаңғырықты.
Іздеме енді мəңгілікті ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу