Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  127


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Зайсан деген жерден кеткен ем...

Зайсан деген жерден кеткен ем,
Там-тұм жүкпенен, аздап өкпемен.
Құшағы ыстық елден кеткен ем,
Қайта оралам деген ниетпенен.
Досым көп еді, қасым жоқ еді.
Аллам жіберді – басым доп еді.
Қызметте жүрдік, көлік те міндік,
Тамақ тоқ та, көйлек көк еді.
Бəрін тастадық, тіршілік бастадық.
Баспана салдық, жатақтан қашпадық.
Өмір өзгерді – көңіл-көз көрді
Жүрген жандарды əсіре аш қалып.
Заман солай ма,
Адам солай ма? –
Ештеме келмеді бірден қолайға.
Есіңді шығарып, еңсенді езетін
Жазылды нарық біздің талайға.
Зайсанға енді қайта бара алман,
Құшағы ыстық елге енді айта бар арман.
«Таугүлді» қылдық мекен ғып жайлап,
Біздің тұрақтан «Қалқаман» əрмəн.
«Қалқаман – Мамыр» білесіңдер ме?
Қиссасын жаттап жүресіңдер ме?
Қиссадай болды біздің де өмір
Лақтыра салған күресін жерге ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу