Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  66


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Беғазы

Беғазы кешенi – мылқау.
Тұрғызған қолдың иесi көшелi жұрт-ау.
Марғұлан басқан маңайын бiлiктi ойымен
«Мүмкiн емес қой халықтың кешенiн қымтау».
Дананың қолы – аршыған даланың қолы.
Басына келген болады-ау баланың жолы.
Бақи замандар көзiмен қадалды маған,
Жағып бiтпеген жарықтық шаланың шоры.
Бiр кезде бабам қолына бекем ұстаған
Жапондық қаламсаптайын Бекен ұстаған.
Қараңғы өмiрiн жарық қып тұтатты-ау оны,
Жете де бермес кей кезде жетемiз соған.
Қызыл қолымен қашаған тастары ғажап.
Көрiнер бəлкiм бiреуге – бастағы азап.
Көшпендi болып керемет архитектурамен
Айналысудан о баста-ақ қашпады қазақ.
О кезде қазақ жоқ деген дауды да естiдiм.
Миллион жылдар жаңбыры жауды кешқұрым.
Талыстай баба таратқан шөншiгi жаурап
Қорғасын сүтiн ұсынды ел саулық ешкiнiң
Беғазы жатыр жаңбырға, желге де төзiп.
Тозады деген жоқ, сiрə, елде де сезiк.
Ғасырларымның ғайып ерен, қырық шiлтенi,
Кезiксең ендi кешендiк шерге де кезiк,
Кешенге кеше кеп кеткен ерге де кезiк.
Əлекең жолы түспейдi-ау тақыр далаға
Тақтай тасыңды сипадым алақаныммен
Шаңырау түбi – шындыққа шақырған оба.
Көзе таппадым Олжастай, шала – тапқаным.
Журналист достар таңды кеп бар атақтарын
Олжеке, сiздiң олжадан кем емес шала.
Бабалар кезген – жарық қып болашақтарын,
Сапарəлiнiң сары ұлы серiгiм едi.
Сүргiн сапарға шақырып желiгiп едi.
Беғазы, саған қайтара жiбермедi ғой
Зайсанның жасыл, пiспеген өрiгi менi.
Сол өрiк пiсiп, басымда ойым да пiсiп
Шырқатып əнiн салғанда «тойында пұшық»
Кешенiм менiң Беғазы – кешенiм менiң
«Келдi дең, – ұлым, «нар жүгi мойынға түсiп…»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу