Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  128


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қара бала...

Қара бала,
Қарағыңның жүрегiн жаралама.
Сыйдырмай-ақ қойып ең далаға да,
Қимай ендi жүрмiсiң қалаға да?
Даласы əбден сағынды қарлығашын.
Даулы басын несiне даң қыласың?
Арып-ашып Алтайдан жеткенiнде,
Найзақара имеген қарлы басын…
Қалаға əсте керегi болып па едi?
Жоғалтқанның дерегi желiк пе едi?
«Арман» дедi, бəлкiм ол адасты да,
Елес қуған ессiзге елiктедi…
Сол арманы аспандап ұшқан болар,
Бағыты «Барсакелмес» тұстан болар.
Ақыл-естiң ырқына көнбес Сезiм
Көнтерiлi жүрекке дұшпан болар…
Қала бала,
Қарағыңның жүрегiн жаралама.
Үйренген ол үндемей төзуге де,
Үйренген ол мұңға да, налаға да…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу