Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  139


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ылдидан өрге күн iлбiп,

Ылдидан өрге күн iлбiп,
Қоңыр бел желге күмiлжiп,
Қоңырқай күндер өткенде
Өкiне ме екен бүгiн жұрт?
Көкiрегiн ашып көрдi ме,
Күнiне қырық өлдi ме,
Опынып ақын қалғанда
Ойлантар екен елдi не?
Үмiтiм бар-ау болмашы,
Жүрегiмнiң жақын жолдасы.
Өкiнiш өршiп кетер ме,
Уытты шығып сор басы?
Уанар екен қай ғұмыр,
Құйылып жанға жайлы нұр…
Пайымды туған перзенттен
Айналар ма екен айлы қыр?
Қам кiрпiш тамдай қалқайып,
Қара аспан-сынды шалқайып,
Қадала қарап қай жаққа,
Тұр едiң, көңiл, ортайып?
Сарыарқада салпылдап,
Сары селеудей жалтылдап,
Алтындай уақыт өткесiн
Аптығым бастым салқындап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу