Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ол жүректiң емi жоқ...

Ол жүректiң емi жоқ:
Табысайын десе, теңi жоқ.
Жанасайын десе, ебi жоқ.
Бал ашайын десе, себi жоқ.
Көзсiз сезiмнiң дөбi жоқ,
Көре қалғанның көбi жоқ…
Тулап-тулап алады сосын.
Қайнап-қайнап толады сосын.
Əлектен-əлек салады сосын.
Бiлмейдi кiмнен алады өшiн?
Тəуекел iске барады сосын
Өзiн-өзi жарады сосын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу