Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  99


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Аспанның шайдай ашық шуағында...

Аспанның шайдай ашық шуағында,
Тiрлiктiң қызыл-жасыл уағында,
Көрмеген дүниенi көрем дейтiн
Көңiлдiң үмiтi боп туамын да…
Ол үмiт – тартылған күй, тасқан сезiм.
Қадалса қарықтырар аспан көзiн.
Айналып-толғанады лəззат пен мұң
Он екiде бiр гүлiн ашқан кезiн…
Ғұмырдың бiр белесi – ұлы сəске:
Құдайдың ере кетер құлы көшке.
Көңiлi жеткенiмен көзi жетпей
Дiңкесiн құртар бiр күнi ұры кеште.
Көңiлдiң жеткенi бар, жетпегенi.
Өмiрдiң өткенi бар, өтпегенi…
Дариға-ай, пəлсəпамды қоя қойсам,
Көтерем байрағым ғып көкке ненi?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу