Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  94


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Төртуылдың ұрпағы – тентек ақын...

Төртуылдың ұрпағы – тентек ақын,
Мiнезiңмен жүресiң желге жақын.
Көңiлiңмен жүресiң көлдей болып,
Жүрегiңмен жүресiң елге жақын.
Тентек ақын, несiне теңселесiң,
Қайтарды ма бетiңдi еңселi есiм?
Азуыңды аспанда Айға бiле,
Таразыға өлген соң өлшенесiң…
Тiршiлiкте асығыс бар, арна жоқ та.
Кейiн соның керегi бар ма, жоқ па?
Əзiр өмiр сүре бер өлең құшып,
Салып қойып ат iзiн Жарма жаққа…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу