Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жұрты күтiп жүргенде бiр хабарын...

Жұрты күтiп жүргенде бiр хабарын,
Ауыстырды қыз бала сырғаларын.
Болашақта не болар, бiлген де жоқ,
Сезген де жоқ жүрегiн мұң қабарын…
Сырғалары ырғалып сылаңдады,
Сəуле шашқан сиқырды кiм алдады?
Жарқ-жұрқ етiп жалғанның бар қызығы
Өзге жаққа мойынын бұра алмады.
…Дүниенiң сиқыры – дүрмегiнде.
Дүрмегiнде бiраз күн жүрмедiң бе?
Қыз баланың сиқыры қылығында,
Тəттiлiгiн қылықтың бiлмедiң бе?
…Сен де күтiп жүр ме едiң бiр хабарын?
Бiр хабарын қалқаның бұлдамадым,
Ауыстырып алды да ол сырғаларын
Аттанды алыс жолымен қыз баланың…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу