Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  71


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Нәдирәбегім

Домбыра алдың қолыңа, Нəдирəбегiм,
Үмiт ектiң жолыңа, Нəдирəбегiм.
Тұла бойдың тұңғышы, Нəдирəбегiм,
Түстiң тағдыр торына, Нəдирəбегiм.
Ажал салды құрығын, Нəдирəбегiм,
Алып кеттi ұры күн, Нəдирəбегiм.
От боп жанған ғұмырың, Нəдирəбегiм,
Өргiзбедi бұрымың, Нəдирəбегiм.
Он бестегi армандай, Нəдирəбегiм.
Өте шыққан жалғандай, Нəдирəбегiм.
Өзегiн өрт шалғандай, Нəдирəбегiм,
Артыңда анаң сормаңдай, Нəдирəбегiм.
Салған əнiң сыңсулы, Нəдирəбегiм.
Өзiң қалдың тыншулы, Нəдирəбегiм.
Домбыраң тұр үн-түнсiз, Нəдирəбегiм,
Жүректi мұң шымшулы, Нəдирəбегiм.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу