Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  441


Автор: Серік Әбіл

АЛМАС- БҰЛАҚ

(Алмас Ахметбекұлына)
Ана жер жүрегінің ауыр жүгін,
Ақтады алмас бұлақ дауылды күн.
Мұзтаудың жанарының жасындай боп,
Сел сезім жуып өтті сəуір жүзін.
Жал
-құздардың сəн беріп сауырына,
Жалбыздардың нəр беріп тамырына.
Шарапат шарбатындай сыр сыйлады,
Ақ қайнар алмас
-бұлақ ауылына.
Алмас – тұма, алмас – жыр, алмас-– бұлақ,
Талай бастау жолыңды жалғастырат.
Елжіреген ерлерім аман болса,
Желбіреген көк туың қалмас құлап.
Ерегесте ешкімнен жасқанбаған,
Ерімсің ел алдында асқан бағаң.
Серімсің əн
-жырыңмен əлдилеген,
Атағың алты алашқа аспандаған.
Қайнары қасиетті талмас тұма,
Боздатып бозінгенін тауды асты ма?!
Мұхиттың мұңын шертіп алмас
-бұлақ,
Ертістің арнасына жалғасты да.
Алмас – тұма, алмас-–ой, алмас – сезім,
Ашық айтты алашқа алмас сөзін.
Отан десе бойында қалмас төзім,
Алмас- жанар албаты салмас көзін.
Алмас- есім əке ойы, алмас – арман,
Алмас ақын жаралған алмас ардан.
Алмас- тілек ананың ақ пейілі,
Жақсылыққа жолдары жалғас алған.

Алмас ағып жеткенде Алатауға,
Алматы- ару сыйлады бала сауға.
Атын қойды ардақтап ақын Қасым,
Туылған күн бүгін сол ақ отауда.
Еркін есіп өмірде ескегіңді,
Əлдилей бер əн
-күймен кештеріңді.
Елу жылдық ел
-ана той қылғанда,
Бірге қосып тойлайық сексеніңді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу