Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  97


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ай артынан ай өтер...

Ай артынан ай өтер,
Күн артынан күн өтер:
Көре алмаған жау етер,
Бере алмаған жау етер.
Қадiрiңдi ұқпас жұрт
Көзiң жұмсаң, тəу етер.
Күннiң нұры төгiлер,
Айдың нұры себiлер:
Сенделiп қап серiлер
Сергелдеңге жегiлер.
Қара тұтып жүргенмен,
Жаныңдағы не бiлер?…
Ай бататын бұлт бар,
Күн жағатын жылт бар,
Тұлданатын күлiк бар.
Баса алмайды қашаған,
Баса түстi құрық тал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу