Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  84


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жарқылы мол жүзiңдi мұң қапқаны-ай,

Жарқылы мол жүзiңдi мұң қапқаны-ай,
Таныс сəуле бұйығып сырғақтады-ай…
Күнi бойы шелектеп құйған жауын
Тереземнiң əйнегiн құрғатпады-ай…
Түйiстiрмей көзiңдi ала қашып,
Бойыңды аулақ саларсың, бала ғашық.
Терезеге телмiрiп қарай берем,
Бiр лебiз бiлдiрмей қара басып.
Армандағам, «көрсем» деп, армандағам.
Жүректе сөзiм бар-тын жолданбаған.
Бала ғашық күндердiң мысы басып,
Терезеге телмiрем торланбаған…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу