Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Кетсең, кет.

Кетсең, кет.
Керегеден өт.
Қыздың қойнына жат,
Қызығына бат.
Келсең, кел.
Көңiлiмдi бөл.
Керегеден өтпей,
Кергiгенше өл.
Келсең, кел,
Кетсең, кет.
Қашсаң, оз.
Қусаң, жет.
Керегемдi көзiң
Көрмейтiндей ет…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу