Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  169


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Дала суық.

Дала суық.
Аспан тұман.
Көңiл мұз.
Əйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрiмiз.
Қабақ шытсақ қара тастан ауырмыз.
Қабақ ашсақ қауырсыннан жеңiлмiз.
Далада қар.
Көше тайғақ.
Көңiл мұң.
Əйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрмiн.
Сəтi келсе өртейтұғын көмiрмiн,
Нəтi келсе қаритұғын темiрмiн.
Далада жел.
Көшеде адам.
Көңiл пəс.
Осылай-ақ ұзақ болсын өмiр жас.
Бүлк-бүлк соғып тұра берсiн жүрегiң,
Жырқ-жырқ күлiп жүре берсiн темiр бас…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу