Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  81


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ана тілі

Өмiр сүрем, өлмеймiн, күн көремiн.
Тiршiлiгiм тiлiммен бiрге менiң.
Сырлы сөзге жаныммен дiлгер едiм,
Дiлгерiмде айырар жүр қорегiм.
(Тауып алар бiреулер бiр керегiн).
Өмiр сүрем, өлмеймiн, күн кешемiн.
Тiлiмменен жүредi бiрге Сезiм.
Сырлы сөзге сусыным қанар ма деп
Арасында адасам мың көшенiң.
(Адаспасам ешқайда сiңбес едiм).
Өмiр сүрген, өлмеген, өшпек қалай?
Жапан түзде жұтаған көш тоқтамай,
Кеткендерге «кеттiң деп мойын үзбей,
Келгендерге «келдiң деп асқақтамай,
Өмiр сүрген, өлмеген, өшпек қалай?…
Өмiр сүрем көрiнбей алабөтен,
Дiлгерiмiз күндердi талақ етем.
Шақырғанша мəңгi ұйқы, жаңа мекен
Сырлы сөзге сусыным қана ма екен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу