Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  128


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Перiнiң қызы Перизат,

Перiнiң қызы Перизат,
Пейiлiң бөлек, көңiлiң жат.
Пейiшке барар шағында
Пенденiң қойдың өмiрiн ап.
Перiнiң қызы Перизат,
Пенденiң саған көңiлi ақ.
Жолыңа жанын тiгедi ол
Жас жүрегi жабырқап.
Перiнiң қызы Перизат,
Пұшайман еттiң жери қап.
Пенденiң көңiлi пəсейдi,
Пиғылың бұзған небiр зат?…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу