Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  114


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Шапағатымен шарпыды менi

Шапағатымен шарпыды менi
Шалғайда ойға шомған Ол.
Сары жаздайын балқыды өңi
Шаттана қалып қолма-қол.
Шалқыды көңілi шығандап əрi,
Шарапсыз шала мас болды.
Сиқырлы шақтың тұман жанары
Мөлт ете қалып жас толды…
Шəйi орамалын бұлғаған сонда,
Шаңқай түс едi, – шарасыз.
Көзiнiң жасы құрғаған соң да
Болмайды адам наласыз…
Шаттығы ма едi, шерi ме едi –
Шолпының үнi естiлдi.
Көзiме күндей көрiнiп едi –
Қайтейiн, қою кеш кiрдi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу