Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  124


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бұл – махаббат, бұла күш.

Бұл – махаббат, бұла күш.
Буырқанды бiр ағыс.
Жерде, пенде, пейiл бер,
Көкте, құдай, құрақ ұш…
Бұл – құдiрет, тылсым сыр.
Көкiрегiңдi күрсiндiр.
Шапағаты шарпысын,
Жүрегiңе сiңсiн нұр…
Бұл – махаббат, бал сезiм.
Бал татыды əр сөзiм.
Майдай ерiп таусылды
Бойға бiткен бар төзiм…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу