Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  75


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Темiр теректi терiскей...

Темiр теректi терiскей,
Терегi тұттай жалаңаш,
Сенен де кеттiм келiспей,
Бола алмағасын нар ағаш.
Жүз төкпелi жез мылтық,
Алқымына алтын үйдiрген.
Сенен де кеттiм көз құртып –
Көкейге кектi ой түйдiрген.
Жаңбырлығы жабылып,
Алшайтып мiнген арғымақ,
Сенен де кеттiм қағынып,
Жатпаса да жолда жар құлап.
Көзiме күндей көрiнiп,
Сиқырлап алған Сұлуым,
Сенен де кеттiм жерiнiп,
Жүректiң қиып жылуын.
Көзiмнен тамшы сырғыды,
Жүргенмiн, өмiр, сүйiнiп.
Сенен де кетем бiр күнi
Жеңсiзден көйлек киiнiп…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу