Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  103


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жұмбақ бағым жоғалттым...

Жұмбақ бағым жоғалттым.
Көрген жандар, тiл қатыс.
Жылу шашты жомарт күн,
Күреңiттi күнбатыс.
Есте қалған естелiк
Күн нұрындай сөнедi.
Күткен бақыт кеш келiп,
Қайғысына бөледi.
Алақанмен бал аштым –
Аздау бақыт үлесiм.
Қақыраған қарағаштың
Көктемесiн бiлгесiң…
Қаныма бiр қарайып,
Қарау болдым күлкiге.
Менде болса бар айып,
Мөлдiр тамшым, сiркiре.
Тас тұмаға табындым,
Табан асты көз ашқан.
Байлағаны бағымның,
Бата бермес көк аспан.
Жұмақ бағым жоғалды,
Жандар бар ма көрген?…
Сұрамаған со қалды,
Тiл қатсаңшы, өлген…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу