Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  86


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Оттар алған, Баршындар,

Оттар алған, Баршындар,
Бұ күнде де барсыңдар.
Барыстайтын батырдың,
Таутанындай жарсыңдар.
Iлбiсiндей iлерсiң,
Iрге жауды бiлерсiң.
Iзге түсе iндетiп,
Тiлерсегiн тiлерсiң.
Шұрқан салған шуландай,
Сорап қуып сумаңдай,
Көкжалыңмен қосыла,
Азап көрдiң, қу маңдай…
Оттар алған, Баршындар,
Бүгiнде де барсыңдар…
Еңкерiлмес ерлерге
Пышырамас парсыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу