Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  92


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Iзге түскен

Iзге түскен
Сары сүлiк тазыдай күз де түскен.
«Сарыөлеңнiң» саргiдiр тартқан шағы –
«Сарөлеңдi» сары шал қатты аңсады.
Сартап болып жатқанда ала жаздай –
Көкiрегiне ұялап бала қаздай,
Жүрегiне жылылық берген өлең,
Кеудесiнде кеткен бiр нала-наздай.
«Сарөлеңде» туғасын, сары болған.
«Сарөлеңде» бұл үшiн бəрi болған.
«Сарөлеңде» жастығын ұзатып сап,
«Сарөлеңде» сақалды кəрi болған.
«Сарөлеңде» табысқан қосағымен.
«Сарөлеңде» үй болған-ошағы кең.
«Сарөлеңде» серiлiк құрған едi,
Сау ете қап түсетiн жасағымен.
«Сарөлеңде» санасыз сайран құрған,
Сауықшылды жиып ап ойдан-қырдан.
Сайран өмiр сарғайған мұңға ұласып,
Сабасына түсiрiп ойландырған.
Салқар көшi ғұмырдың ұзағанда,
Жұрты аманда, сол жұрттың түзi аманда,
Жалғыз ұлы көшiрiп əкеттi алыс,
Тығылды үнсiз, мұңнан ба, ызадан ба?..
Өз еркi өз қолында емес едi.
Жас күнiнде мұнша уайым жемес едi.
…«Сарыөлеңнен» айырған ұлы емес,
Қарттықтың қайырлаған кемесi едi.
«Сарыөлеңге» сары шал жете алмаған,
Сағыныш боп дүниенiң шетi аунаған.
«Сарыөлеңi» саргiдiр тартқан шақта
Сары шалға дем салып кет, ау Ғалам…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу