Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Əйтеу бiр күн бiр сəтке сенi ұмыттым...

Əйтеу бiр күн бiр сəтке сенi ұмыттым.
Сенi ұмытып бiр көлге шомылыппын.
Байыз таппас жаныма дауа болмас
Бедерi жоқ, белгiсiз сол үмiттiң
Жетегiнде бiр көлге шомылыппын…
Сол үмiтiм алдаған сағым болды,
Сол сағымға ерместей уағым болды.
Көңiл шiркiн көзi жоқ, адасты да,
Ай астында Арманның жоғын көрдi.
Сол үмiтiм алдаған сағым болды.
…Тап баса алмай тағдырдан тағы алдандым.
Əуресi көп өмiрде жоқ Арманның…
Қайта оралдым қоңырқай тiрлiгiме,
Қайта ендiм кеудеме қамалған мұң.
Тап баса алмай тағдырдан тағы алдандым…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу