Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  87


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Шөл iздеп жүрсең...

Шөл iздеп жүрсең,
Кербала осы.
Жел iздеп жүрсең,
Сардала осы.
Суырып құмы, суынып мұңы
Сағымға сiңген паңдана көшi.
Көл iздеп жүрсең,
Зайсаным осы.
Ел iздеп жүрсең,
Жайсаңым осы.
Жыпырлап шығы, жылтырап түгi
Мұзтауға асқан майсаның көшi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу