Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  80


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Түйiлемiн..

Түйiлемiн.
Тас түйiн түйiлемiн.
Жүрегiмдi шақты ма бүйi менiң?…
Кiрiп-шығып қоям да үйiме мың,
Күйзелемiн, ерiксiз күйiнемiн.
Бұ қылығым өзге емес, өзiме тəн.
өзiме тəн нəрсенiң көзiн ашам.
өртеңiме өндiрдей өрiмталым
өлең шөптей қаулайтын кезi қашан?…
Бəз бiреулер жүрмесiн соқпағыммен.
Мен болайын көбелек отқа күйген.
Перiште ойын сұрасам ба екен əлде,
Уайымы, қайғысы жоқ сəбиден?..
Сəби тiрлiк сарыуыз, бəрi аңсаған
Қай бетiммен қаймықпай барам саған?
Дертемнен бiр бұзғасын дерттi ғалам
Демiм бiтiп қалғанша болам шаман.
Адасайын аулақта аз ғана күн,
Жалт етiп жоғала ма жаз қарағым?
Сарсаңға түсе-түсе салқын ұрып,
Сай жақта сыңсып қалған саз ғанамын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу