Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  88


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Өлең де жоқ, өзгеше өмiр де жоқ.

Өлең де жоқ, өзгеше өмiр де жоқ.
Осы жағы келедi көңiлге көп.
Мен iздеген əлемнiң əнi қайда?
Жүрек байғұс жиi ұрды: «Жеңiлме» деп.
Қиялымды қозғайтын арман қайда? –
Тiрi үмiтке бiр үмiт жалғанбай ма?…
Апыл-ғұпыл алысқа аттанармын
Көкiректi бiр суық шалған бойда…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу