Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  89


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бұлт қанатын шарпыған таң шапағы...

Бұлт қанатын шарпыған таң шапағы
Алтын күннiң аясын аңсатады.
Жоңғар жақтан жөңкiген жойқын дария
Қара жерге көлеңке самсатады.
Көлеңкеден қашады көздерiм де,
Асығатын жандардай өзге өмiрге,
Шуақ жаққа ұмтылам шырқырап мен
Армандарға булыққан кездерiмде.
Қаз-қаз тұрып кеткенде-ақ текеметтен,
Жұмбақ арман, кеудемдi мекен еткен,
Менiң сенi кезiм жоқ бөтен еткен,
Тағдырымды өзiңе жетелеткем…
…Бұлт бұрқырап асуда əлдеқайда.
Көбеюде толқындар көлде майда.
Жанарынан аспанның түскен жасын
Қара жерге бiр сəлем жолдамай ма?
Қара жердiң қойыны тола ма екен?
Бұлт ала да, жер шала бола ма екен?
Арманға ерiп аласұр қанша мейлi –
Дүния-дүния боп қалады екен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу