Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Замана алдында, Уақыт...

Замана алдында, Уақыт,
Сағымды сындырма уатып.
Көңiлiмнiң көзiнде жазулы:
«Бəрiне бұйырсын бақыт».
Қолымнан келгендi жасармын,
Жүрегiмде жүргендi жазармын.
Аз ғана аялда маңымда –
Келедi тiрiде тазарғым.
Мен ғана деймiсiң кеш қалған,
Күреңiткен күнiмдi еске алғам.
Жылғадай жылжыған айлардың
Жолында бiртiндеп өштi арман.
Адамның тiрлiгi тəн маған,
Налам бар – жарлығым жанбаған.
Бұл өмiр сенiң құшағыңда ма?
Ұйқысыз Уақыт, таң қалам…
Кiнəлi, күнəлi пенденiң
Жөн болар сөзiне сенгенiң.
Соңымнан бұлақтың суын шаш
Мен оның жанарын емдедiм…
Тұманың көзiне құйылған
Күн нұры маған да бұйырған.
Ай кеткен алысты аңсасам –
Үздiгiп үн жеткен қиырдан…
Кеше ме өмiрге келгенiм?
өзiме өзiм сенбедiм.
Отыз жыл кешкен ғұмырдың
Отын бiр жағып көрмедiм.
Тағы бiр отыз жыл кейiнде
Тағы да «аялда» деймiн бе?
Танымай кеткесiн тағдырым –
өзiмдi жегiдей жеймiн де…
Замана, зəуiлде бiр келгем,
Iсiм жоқ кiсi боп үлгерген.
Бақыт па, бақ па едi бөлiнген –
Пұшпағын сұрайын кiмдерден?…
Қиялым туғызған болашақ –
Арманнан көп нəрсе алашақ.
Айналып бiр келсе – берешек
Бұртиған, өкпелi бала шақ…
«Аялда» дегенмен, Уақыт,
Аялдамағаның да – бақыт.
Зəуiде бiр келгем, тек қана
Сағымды сындырма уатып…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу