Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  86


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ж. Ж -ға

Жүректен алған тəттi өлiм,
Жүзiмде қалды қиналыс.
Əлiптiң артын бақты елiм,
Заманасын жиған iш.
Жүректен алдың, жоқ еттiң.
Жарымды қайғы өлтiрдi.
Айға ұлыған төбеттiң
Аранын аспан толтырды.
Құлыным қалды жетiмек,
Құраққа жетiп дауысы.
Бiз қашан бақытты етiп ек,
Кеш, сəби күндердiң қауысы.
Алыста анам аңырады,
Құдайға жетiп дауысы.
Жазмышын əкем танымады –
Жеткенi тiрлiк қауысы…
Əкелер менен шешелер,
Ойланбап едiм кетем деп.
Кешiңдер менi, кеше гөр,
Кеңсайды қалдым мекендеп.
Кеш менi, жарым – жалғызым,
Кеткенiм үшiн келмеске.
Ажал ауылыңа салды iзiн
Шараң жоқ бұған көнбеске.
Шараң жоқ бұған сенбеске.
Жүректен алған тəттi өлiм,
Кенеттен алған кер өлiм,
Басына қара жапты, елiм,
Сенделiп қалды сенерiм…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу