Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  90


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қысқа-қысқа қайырдым...

Қысқа-қысқа қайырдым,
Қарға адым жер ұзаған…
Он екi ата Байұлын
Басына ма жүз адам?
Қысқа деген – аз ба екен,
«Шағынамын» деп мəз бе екен? –
Шып-шырғасын шығармай
Байлап алар саз бекем…
Суыра алмас сирағын,
Суына алмас құйғаның.
Шiл боғындай шашырап,
Қазақ, кiмдi қинадың?
Қысқа-қысқа қайырым,
Қарға адымнан əрi аспас.
Он екi ата Байұлын
Бөлiп айтқан жараспас…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу