Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  70


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жырау əлем, жетеле...

Жырау əлем, жетеле,
Көңiлiмдi оят, көзiмдi аш.
Сөзiң жетсiн жетеме,
Лебiң тиiп сезiм-мас.
Сөздiң дəмiн алайын,
Сиқырымен баурағын.
Ой нəрiне қанайын –
Жалаңаштай жаурадым.
Жырау əлем, жетеле,
Жан дүнием байысын.
Жүрегiме төтеле,
Салып тiрлiк сайысын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу