Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  91


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жаңбыр жылаған түн...

Жаңбыр жылаған түн,
Саған ұнаған кiм?
Кермек көз жасыңды
Қоймай сұрап алдым.
Жылай бер, жел көтерер.
Жел жығылса, қайыспай ел көтерер.
Жарты жасың менiкi – жылап тұрған,
Селдете бер.
Жоғалды нажағайым.
Iздескiн, ғажап айым.
Түн, сенiң түпкүйеңдi
Тамшымен тазалайын.
Көзiмдi сатып тұрмын,
Таусылмас уақыт-құрдым.
Бiр жерде жүрген шығар,
Iздеген бақыт, құрбым…
О дағы жылады ма,
Бiреуге ұнады ма? –
Жаңбыр жылаған түн
Жеткiздi үн құлағыма…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу