Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  88


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жұқарған жүйке сыр бердi...

Жұқарған жүйке сыр бердi,
Жүрегiм шаншып үлгердi –
Бiр көрiп қалдым аспанды,
Бiр көрiп қалдым гүлдердi.
Жалтылдап өтер жасындай,
Күндерден аптық басылмай,
Отыз күн ойын болар ма,
Қатулы қабақ ашылмай?
Көзiмде тұнып көл жатыр,
Алдымда жүрер жол жатыр,
Ала кет менi өзiңмен,
Қайтпас қуаты мол батыр…
Үлбiрек жүрек ақынмын,
Үрiмдей гүлге жақынмын.
Ақ шаңқан түстi əлемде
Арман құшуға мақұлмын.
Арманым – арман болар ма,
Тiршiлiк тiзгiн алар ма,
Қатулы қабақ ашылмай,
Қырық күн тойым қалар ма?…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу