Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көшкен бұлтты жамылды күн...

Көшкен бұлтты жамылды күн,
Аспан төрi абың-күбiң.
Шаяр шалдың шабындығын
Талмас болды қарым бүгiн.
Шалғыны алып, шыңдап алдым,
Жүзiн шертiп тыңдап алдым.
«Босамасын бұрауың деп,
Алқымын құмға малдым.
Жылы жаңбыр құйып өттi,
Жүзiмдi нұр сүйiп өттi.
Жүрегiме толған сезiм,
Мерейiмдi биiк еттi.
Есiмде жоқ неше келдiң –
Көшiңдер, бұлт, көше бергiн.
Сүтi көп те, көмiрi аз –
Ақ тiлеуi шешелердiң…
Абың-күбiң…қоныс қарық…,
Көрген де жоқ қарыс қалып –
Қазақы ауыл қабағында
Жайқалып тұр жоңышқалық…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу