Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  131


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Пай-пай, шiркiн, пай-пай-ай, пайғамбар-ай!

Пай-пай, шiркiн, пай-пай-ай, пайғамбар-ай!
Бұ жалғанды құраған ойдан қалай…
Күмiс тiндi суырған Күннен қалай?
Аппақ нұрды ақтарған Айдан қалай?…
Осы ма екен өлмейтiн өнер деген.
(өзге өлсе де осы өнер көнермеген)
Жарығы жамалыма түсер дегем,
Сəулесi кеудеме кеп енер дегем,
Осы ма екен өлмейтiн өнер деген…
өзiм де өнер қуған өндiр едiм.
Жалғанға жаным жайып желбiредiм,
Арманға қолым жайып мөлдiредiм.
өртiмдi ендi немен сөндiремiн –
Айтасың ба, пайғамбар, сен бiр емiн…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу