Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  139


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жанымды қояр жер таппай...

Жанымды қояр жер таппай,
Жетi түнде желдеп кетiп барамын.
Жасымды құяр көл таппай –
Жетi белден селдеп кетiп барамын.
Будақ-будақ бұлттай,
Боз аспанда боздап кетiп барамын.
Боздағымды ұмытпай
Баста мұңын қозғап кетiп барамын.
Жаныма қос жақсыңды,
Жарым түнде жалғызсырап барамын.
Жасын ойнап қуырмасын апшымды
Жан далама жалбыз сұрап барамын…
Мен жақсы ма, кiм жақсы?
Миым ашып, маңым кетiп барамын.
Маған деген саржебеңдi түнге атшы,
Марғаулығын танып кетiп барамын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу