Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  69


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сыбызғылы сырлы өмiр...

Сыбызғылы сырлы өмiр,
Сенен қалды бiр көңiл,
Сенде толды бiр көңiл.
Басыр басқан бұрыш бар,
Тасыр басқан бұрыш бар
өзiң барсың дұрыстар.
Сыбызғылы сырлы өмiр,
Сыңсып қалды бiр көңiл,
Тыншып қалды бiр көңiл.
Жақсылардың сыны бар,
Жамандардың сыны бар,
өзiң барсың шын ұғар.
Сыбызғылы сырлы өмiр,
Майысқанда гүлге гүл,
Сұлулықпен бiрге жүр.
Жаманаттар жерде жүр,
Аманаттар елде жүр,
Ел жүрегiн емде бiр.
Сыбызғылы сырлы өмiр,
Құштарланып күнде бiр,
Құлай сүйдi бұл көңiл,
Демi болып бiрге жүр,
Емi болып бiрге жүр…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу