Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  108


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Күңiренбе, көңiлiм, күңiренбе.

Күңiренбе, көңiлiм, күңiренбе.
Табылмасын сеземiн бүгiн ем де.
Тағдырымның сан тарау жолдарымен
Қаңбақ құсап тынымсыз жүгiрем де…
Құлазыма, көңiлiм, құлазыма,
Шырғалаңның шыдап ең бiразына.
Қара жер де қабаржып төзер болар
Көкте күннiң жылымық нұры азына.
Күңiренiп, көңiлiм, не табасың?
«Қосам» дейсiң көк пен жер екi арасын.
Күн жамырап жеткенде, түн маңырап
Мезгiл, мекен шектетпес шекарасын.
Құлазудың құлашы қысқа, бiлем.
Ей, көңiлiм, өзiңе нұсқа бiр ем.
Қара жерде қаңбағым қашуда əлi
Қаймығып қарашаның күш-кəрiнен…
Қолымда тұрған да жоқ мына жалған.
Орнында тұрған да жоқ күн озалдан.
Күңiрен, күрсiн, жаным, кiрсiн жаным,
Айырып айтпай келер сұм ажалдан…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу