Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  94


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Түн ұйқымнан тұрғызып...

Түн ұйқымнан тұрғызып,
Тыныштығымды бүлгiзiп,
Толқын да толқын ойларды
Төрт құбылама өргiзiп.
Кемерiме келгiзiп,
Кемдi күнде желгiзiп,
Жалау берiп жайнатып,
Кешу бермей өлгiзiп.
Айнала бере тiрiлiп,
Алыстан-алыс жүгiртiп,
Шалғайға назар салдыртып,
Жалғанға жолымды оздыртып,
Жаманымды жақсы етiп,
Жүрегiмдi тоздырып
Жүрген, өлең, сенi қайтейiн?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу