Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  75


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Құснихат

Алты құрлықты айналып келсем де
Абайдан қайтiп аса алам?
Аламанда алты мəрте өлсем де
Аптығымды қайтiп баса алам?
Атадан тумай кетсем де
Намысымды қайтiп бере алам?
Жаға жыртысып өтсем де
Жəбiрге қайтiп көне алам?
Жетi қат көкке ұшсам да
Қазақты қайтiп қия алам?
Жердiң түбiне барсам да
Жоғалтқанымды қайтiп таба алам?
«Алты алаштың арысына ерсем де
Мен бөрiнiң кəрiсiне ере алман.
Құмырсқаның көзiн көрсем де,
Құдайсынған қуыс кеуденi көре алман…»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу