Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  94


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Атқақтап соғып жүрегiм...

Атқақтап соғып жүрегiм,
Дүбiрлеп кеттi бұл кеудем.
Бұнан соң қалай күлемiн,
Үмiт үзем бе гүлдеуден?..
Беу, жүрегiм, бəсеңде,
Жетер жерiң жайсыздау.
Мына əлемдi қоса емде
Тiршiлiгi ойсыздау…
Мен кеудемдi сөгейiн,
өз қағымнан жериiн.
Көз жасымды төгейiн,
Жанды жатқа телиiн.
Жүрек сұрап көрейiн,
Жүрексiзге жалынып.
Көрейiн де өлейiн,
Қызыл қанға малынып.
Бұдан саған не түсер?
Көкiрегiм қымтайын.
Бiрге бiр күн кетiсер
Мезет барын ұмытайын.
Жарым түнде жалқы айым
Хабаршы болып келмегей.
Кеудемдегi айқайым
Үнсiз қалып өлмегей.
Тас түйiн боп түйiлме,
Қалыпқа түс, бəсеңде.
Елжiреген күйiнде
Ел жүрегiн қоса емде…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу