Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  97


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Мұң ба, сыр ма, əуен бе?

Мұң ба, сыр ма, əуен бе?
Тылсым күш, сендiм. Ал емде.
өзiммен өзiм боздап бiр,
Сыймай-ақ қойдым əлемге.
Айға да ұшты шыбыным,
Күнге де ұшты шыбыным.
Тəңiрi көзi көрмедi-ау
Тас-талқан болған құлынын…
Қолында түк жоқ – дəрменсiз,
Жанында түк жоқ – жəрдемсiз,
Перiште жастан сəл аса
Пенде боп қалған пəрменсiз…
Тəңiрi бар ма, жоқ па өзi –
Алая түстi көк көзi.
Шатырлап жасын құлады,
Шамданатұғын бопты өзi…
Шалқайып туған Ай жатты,
Бетке алсам екен қай жақты?
Қаптап бiр көшкен қара бұлт
Жұлдыздың бағын байлапты.
Қай əуен мынау сыңсыған,
Қай күнi қажып, тыншығам?
Өлеңiм жайып сырымды,
Өзiмнен өзiм қымсынам…
Шың шағып, соққан барабан,
Тəңiрi – көкке қараған,
Жүрегi түктi ұл едiм
Түркiден тегi тараған…
Тегiме тартпай кеттiм бе,
Көңiлiнен шықпай көптiң де?
Беймаза жүрек бұлқынып,
Өмiрден өстiп өттiң де…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу