Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  73


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көк таста күннiң қызу табы қалды...

Көк таста күннiң қызу табы қалды,
Көкжиек қызыл сүрме жағып алды.
Көкпар тартып додаға түскен жерде
Қысқа өмiрдей қамшының сабы қалды.
Көк аспан қарауыта күрсiнгенде
Жартастар жаңғырығын қағып алды.
Жаңғырық қуалады сай-саланы,
Кəрi емен аулақ тұрып бой салады.
Аз-мұз ғана əп-сəттiк ой салады.
Жас өскiнге жамырап жаңа шыққан
Көк аспан көтерiлiп кеткенде алыс
Жартастар тiлдесуге тайсалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу