Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  87


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жылау да жылау...

Жылау да жылау,
Зар жылау…
Қотандай болып қалдым-ау,
Жылаудан басым қаңғырды,
Зарлаудан шашым ағарды,
Көре де көзiм ағарды,
Сөйлей де сөзiм жоғалды,
Таба алмай қалдым қоғамды.
Ақжолы өлген Қотандай,
Азаматы өлген Отандай,
Жайғасып жерге отыра алмай,
Жамбастап жəне жата алмай,
Тiлдеуге тəңiр бата алмай,
Құдайды жəне ата алмай,
Құдiретке құл боп бүгiлдiм,
Тас пенен құмдай үгiлдiм…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу