Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  88


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Аппақ әлем ішінде

Ескi жылдың қары ма,
Жаңа жылдың қары ма?
Аппақ əлем, мен сенiң
Қуанамын барыңа.
Ескi жылдың түнi ме,
Жаңа жылдың түнi ме?
Аққу сазды ақ əлем,
Қосыламын үнiңе.
Ескi жылдың айы ма,
Жаңа жылдың айы ма?
Шатынаған аспанда
Жайылады жайына.
Ескi жылдың желi ме,
Жаңа жылдың желi ме?
Аппақ əлем, анық айт,
Не бересiң елiме?…
Ескi жылдың қары ма,
Жаңа жылдың қары ма?
Аппақ əлем iшiнде
Қуанамын барыма…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу