Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  71


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қыр бұлтының көлеңкесi көшедi...

Қыр бұлтының көлеңкесi көшедi,
Сыпсыңдайды самал желдiң өсегi.
Тамыз айы тамыздығын толтырып,
Күннiң пешiн күнiлгерi көседi.
Жер-дүние ие болды шуаққа,
Жер-дүние ие болды қуатқа.
Тыңдай қалшы, анау сайқал сағымның
Сырғығаны естiледi құлаққа.
Таулар алыс көкжиекке шегiндi,
Төмпешiктер, көрсетiп қал ебiңдi,
Жазық дала жайған алақанында
Торы жорғасын тоқтыдай шал тебiндi.
Тоқты тiрлiк, тоқым қаққан, тоқтама,
Тамыз күнiн сүмбiлде жоқтама.
Емiс-емiс ертегi ме, елес пе?-
Тал ат мiнiп шауып шықты көп бала…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу