Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  96


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бiр аяғы – сегiз...

Бiр аяғы – сегiз,
Бiр аяғы – тоғыз.
Бiр атасы – сақ,
Бiр атасы – оғыз.
Күмбiрлесе – домбыра,
Күңiренсе – қобыз.
Созылғанда – сағыз,
Сазарғанда – нағыз.
Қызарғанда – қымыз,
Сызданғанда – нығыз.
Долданғанда – дойыр,
Сiлтенгенде – сойыл.
Көңiлiмен байыр,
Айтқан сөзге қайыл.
Ұнатпасаң – ұрыс,
Жақсы көрсең – жайыл…
Бiр аяғы – сегiз,
Бiр аяғы – тоғыз.
Тағыдайын елмiн
Тарпаңымен егiз…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу