Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  88


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жарты аспанның астында...

Жарты аспанның астында,
Жəрендiктiң үстiнде
Жұлдыз жайнап төбемде,
Бiр күш қайнап денемде,
Көк балауса көмiлiп,
Тұла бойым сөгiлiп,
Асылға қол салып ем –
Алысқа жол салып ем…
«Е-е…» дегiзiп елiмдi,
Бекем буып белiмдi,
Айдан күмiс алып ем –
Алданып қап, налып ем.
Күннен күмiс алып ем –
Күңiренiп қалып ем.
Шайқы-бұрқы шалық ем,
Қараңғы мен жарық ем…
Жастық екен өтпелi,
Жауын екен төкпелi.
Күндер екен қызықты,
Түндер екен жүзiктi.
Дəурен екен ұшпалы,
Əурем екен нұсқалы –
Қиқулаған құстары
Бiздiң көлден тысқары…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу